ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ

Құрметті оқырмандар!

2018 жыл «Ембімұнайгаз» АҚ үшін жемісті болды. Өткен жылдың басты жетістіктерінің бірі болып, Компанияның алдағы он жыл барысындағы даму Концепциясын бекіту табылады. Концепцияда Компанияның стратегиялық басым мақсаттары, міндеттері, инвестициялық және дивидендтік саясаттарының бағыттары және соған сәйкес бизнес-жоспарлар мен жобалар қоржыны қалыптастырылатын болашақта даму көріністері мен әлеуетті жоспарлар белгіленген.

Концепцияны жүзеге асыру «Ембімұнайгаз» АҚ-ның акционеріне ұзақ мерзімді пайданы қамтамасыз ету, өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосу және мыңдаған адамнан тұратын ұжымның болашаққа деген сенімін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. Концепцияда анықталғандай, Компания Миссиясы әлеуметтік және бизнес-мүдделерді теңестіру жолымен қызметкерлер үшін тұрақтылық пен акционерлер үшін тиімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Құндылықтар ретінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу, нәтижеге қол жеткізу, туған жер мен Компанияға ұқыпты қарау, басты назарды кәсіпқойлыққа бөлу және әріптестер арасында өзара құрмет пен сенім қажеттілігі сияқты қарапайым және түсінікті ақиқаттар қабылданады.

Таңдалған құндылықтар аясында Ембі топ-менеджменті және қызметкерлері 2018 жылы өндірістік бағдарламаны нәтижелі орындап және акционерге қосымша пайданы қамтамасыз етіп, еңбекті қорғау, өндірістік және қаржылық қызмет бойынша тамаша көрсеткіштерге қол жеткізді. Таза пайданың және ақша ағындарының, салықтар мен бюджетке төлемдердің оң динамикасы сақталып қалды.

boss
Құрманғазы
Есқазиев
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар
Кеңесінің
Төрағасы

2018 жылға көзделген өндіру жоспары акционермен 2 млн 895 мың тонна мұнай көлемінде белгіленген, оның өзі өткен жылдардағы жылдық өндірудің үйреншікті деңгейінен 55 мың тоннаға асып түскен. Ембінің ұйымшыл ұжымы осы тапсырманы да нәтижелі орындады.

Ұлттық компания жүйесінде нақты осы жерде геологиялық барлау қызметі белсенді түрде пайдаланылып, тұзасты құрылымдарда бұрғылау жоспарлануда, мұнай өндірудің, құрал-жабдықтарды, материалды-техникалық қамтамасыз ету мен көліктік қамтамасыз етудің техникалық күтімі мен жөндеу процестерін автоматтандырудың цифрлық технологиялары тұңғыш рет пилоттық режимде жүзеге асырылып, қазіргі таңда белсенді түрде тираждалуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру Компанияда еңбек өнімділігін арттырып, барлық бизнес-процестерді тиімді басқару мүмкіндігін берді.

Даму Концепциясы аясында өткен жылы жобалық басқару жүйесі енгізіліп, Компанияның жобалар қорын жүзеге асыру мәртебелерін қарастыру жөніндегі комитет құрылды. Бұл жобаларға үнемі мониторинг жүргізу және бағалау, оларды жүзеге асыру процесін жақсарту мақсатында жедел шешімдер қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Негізгі назар жобалардағы тәуекелдерді басқаруға бөлініп, бұл Компанияның тәуекелдерге бағытталу ұстанымын бөлектей түседі.

Директорлар кеңесінің, топ-менеджменттің және ұйымшыл ұжымның ортақ күш салуы арқасында «Ембімұнайгаз» АҚ ағымдағы жылы таңдалған Миссия аясында барлық көзделген жоспарларды нәтижелі жүзеге асыра түсетініне сенімдімін!

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ
ЖОЛДАУЫ

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның қызметі мен Компанияның негізгі қорытындылары келтірілген жылдық есепті қуана табыстаймын. 2018 жыл оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. Олардың ішіндегі бастысы өлімсіз оқиғалар мен өндірістегі апат көрсеткіштерінің нөлдік деңгейде болуы. Осындай нәтижелерге Компанияның барлық қызметкерлерінің жүйелі және бір адамдай жұмысының нәтижесінде қол жеткіздік. Өкінішке орай, жарақаттану жағдайларын болдырмау мүмкін болмады. Барлық төрт оқиға бойынша талдау жасалып, олардың алдын алу мақсатына сәйкес қорытындылар жасалды. Ағымдағы жылы алға қойған мақсатымыз – озақ тәжірибені пайдалана жұмыс істеп, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауда көшбасшы болып табылатын халықаралық компанияларда қабылданған жаңа әдістерді енгізе отырып алға жылжу.

Компания қоршаған ортаға келтірілетін зиянды барынша азайту жолында жоспарлы түрде жұмыс істеп, жыл сайын тарихи ластанған аумақтарды тазарту мен мұнай шламын қайта өңдеуге елеулі қаражат жұмсап отыр. Тұщы суды тиімді пайдалану аясында Компанияда бірнеше жылдан бері альба-сеноман шөгінділерінің жерасты суларының қорларын бағалай отырып жерасты суларына зерттеу және әрі қарай Оңтүстік Ембі бассейні мен Қайнар массивінің аумағындағы «Ембімұнайгаз» АҚ нысандарын өндірістік қажеттіліктерге пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттарда Еділ суын тұтынуға тәуелділікті азайтпақ.

boss
Жақсыбеков Ануар
Еркинович
«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма
Төрағасы

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңын жүзеге асыру шеңберінде, Компанияда ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша жұмыстар атқарылуда. 2018 жылы 152 млн м3 астам тауарлық газ дайындалып, 100 млн м3 астамы сатылды. «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ «С. Нұржанов» кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысында LO-CAT технологиясы бойынша элементтік күкіртті алу қондырғысы іске қосылды. Шығыс Мақат және С. Балғымбаев кен орындарындағы газды дайындау қондырғылары нәтижелі жұмыс істеп, Мақат, Қызылқоға және Исатай аудандарының тұрғындарын газбен қамтамасыз етуде. Аққыстау ауылынан «Тущықұдық» газ тарату станциясына дейінгі және С. Балғымбаев газды дайындау қондырғысынан Туманное кентіне дейінгі газ құбырларының құрылысы аяқталып, тауарлы газды тұрғындарға маусымдық ауытқуларға қарамастан кез келген уақытта сату мүмкіндігін берді.

Көзделген мақсаттарға адалдықтың тағы бір дәлелі болып Компаниядағыөндірістік процестерді әрі қарай цифрлау бойынша орындалып жатқанауқымды жұмыс табылады. 2016 жылы Уаз кен орнында пилоттық режимде жүзеге асырылған «Интеллектуалды кен орны» жобасы өзінің тиімділігіндәлелдеді. 2017 жылы жоба Прорва тобы кен орындарында, 2018 жылы –Жаңаталап және Шығыс Мақат кен орындарында тираждалды. Жалпыалғанда, 2024 жылға дейін Компания бойынша 10 кен орны цифрланады.

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның осы жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-тың 2018 жылдың тамыз айында Ембінің бас офисіндегі өндірістік процестерді визуализациялау орталығына келуі барысында оның оң бағасына ие болды. Өткен жылдың сәуір айында Компаниямен ұйымдастырылған мұнай өндірісін цифрлау бойынша Форум 200-ге жуық халықаралық және отандық сарапшыларды, мұнай және сервистік компаниялардың өкілдерін жинады. 2018 жылы Компаниямыздың визуализациялау және цифрлау орталығының қызметімен ҚР премьер-министрі Б.А. Сағынтаев, вице-премьер А.К. Жұмағалиев, ҚР Парламентінің депутаттары, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшысы А.С. Есімов және басқалары танысып шықты.

Компанияда қорларды толықтыру бойынша зор жұмыс атқарылуда. 2018 жылы бес іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау аяқталды, алтауы бұрғылануда, триас кешенінде екі жаңа кен орны – Солтүстік Уаз және С. Нұржанов (солтүстік-батыс қанатында) балансқа лынды. Батыс Новобогатинское кен орны бойынша қорлар арттырылды. Ақтөбе облысындағы Ембі-5 учаскесі бойынша мемлекеттік геологиялық зерттеуге шарт жасасып, жалпы көлемі 1 000 қума метрді құрайтын 2Д ЖТНӘ жұмыстары атқарылды. «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Тайсойған учаскесінде сейсмикалық барлау жұмыстарының үлкен көлемін орындауға корпоративішілік рұқсаттар алынды, ондағы 3Д ЖТНӘ жұмыстарының жалпы көлемі ҚМГ ҰК компаниялар тобы үшін де, жалпы еліміз үшін де рекордтық көрсеткіш болып табылатын 5 600 км2құрайды

Өндірістік қорытындылаушы кезеңі барысында мұнай қорларын толықтай шығарып алу мүмкіндігін зерттеу мақсатымен Компанияда Забурунье кен орнында полимерлі су толтыру технологиясын пайдалану жалғастырылуда. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, мұнайды өндіру деңгейін тұрақтандыру бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

2018 жылы шығыстарды оңтайландыру мақсаттарында материалды-техникалық қамтамасыз ету, құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жобалар пилоттық режимде іске қосылып, енді кеңінен тираждалуда, автокөлікті бөлек есепке алу жүйесі жүзеге асырылады.

2018 жылы шарттарды орындау аясында 11,796 млрд теңге сомасындағы тауарлық-материалдық құндылықтар (ТМҚ) келіп түсті. Ертеректе жеткізілген тауарлардан 1,9 млрд теңге сомасындағы ТМҚ қолданылды. ТМҚ айналымы 180 күн жоспарында 152 күнді құрады.

Әлеуметтік тұрғыдан жауапты жер пайдаланушысы ретінде Компания жергілікті құрамды дамытуға үлесін қосуда. 2018 жылы 89,9 млрд теңге сатып алулар көлемінде тауарлардың ішіндегі жергілікті құрам 42 %, жұмыстарда – 94 %, қызметтерде – 94 % құрады.

2012 жылдың 1 қазанынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Ембімұнайгаз» АҚ салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеуге 897,1 млрд теңгеден астам, соның ішінде 2018 жылы – 199,2 млрд теңгені жұмсады. Осы кезең барысында өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 4,3 млрд теңгеден астам, соның ішінде 2018 жылы – 1,9 млрд теңге жұмсалды.

Компания «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік инфрақұрылымының материалды-техникалық базасын жетілдіру Бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда және мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жұмыстарын орындауда. 2018 жылы Кенбай к/о 100 орындық жатақхана, Қисымбай к/о (50 орындық) және С. Балғымбаев атындағы к/о (150 орындық) асханалар пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы Ембі мұнайшылары ерікті түрде, жеке қаражаттары есебінен үйлері су тасқыны салдарынан суға кеткен Шығыс Қазақстан облысының Зырянов ауданының тұрғындарының басына түскен қайғыға ортақтасты. Компания қызметкерлерімен жиналған қаражатқа зардап шеккен тұрғындар үшін үш үй мен төрт пәтер сатылып алынды. Ембіліктердің ерекше қамқорлығы әрдайым балаларға арналады. Екінші жыл қатарынан Компанияда әлеуметтік тұрмысы төмен осбасыларға көмек ретінде балаларға сыйлықтар сатылып алынатын қайырымдылық жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Биыл жас мамандар үй-үйді аралап, үйден оқитын қаланың 50 кішкентай тұрғынына сыйлықтар табыстады.

Мен Компанияның үлкен әрі тату ұжымына – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ –нан қойылған барлық міндеттерді орындаудағы нәтижелі жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Алдағы жылы да біз жұмысымызды – еңбекті қорғау саласындағы ең жоғары стандарттарды ұстана отырып, әр істі аяғына дейін жеткізу құндылығымызға сәйкес жалғастырамыз!

PDF форматындағы бөлімнің толық нұсқасы

КөрінісЖүктеу