КОМПАНИЯ
ПРОФИЛІ
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы (бұдан былай – «Компания» немесе «Қоғам») Қазақстан Республикасында 2012 жылдың 27 ақпанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының (бұдан былай – «ҚМГ БӨ») Директорлар кеңесінің ҚМГ БӨ өндірістік филиалдары негізінде жаңа еншілес кәсіпорындар құру жөніндегі шешім қабылдау нәтижесінде құрылған.
Компания өзінің өндірістік қызметін 2012 жылдың 1 қазанынан бастап, ҚМГ БӨ көмірсутекті шикізатты өндіру және барлау жөніндегі шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының активтері мен міндеттемелерін алғаннан кейін жүзеге асыра бастады.
-
Компания көмірсутекті шикізатты барлаумен, әзірлеумен, өндірумен, экспорттаумен айналысады. Компанияның негізгі операциялық мұнай-газ қызметі Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан мұнай-газ активтерінде жүзеге асырылады.
-
«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласында және Атырау облысының төрт ауданында орналасқан алты өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді: «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы және «Өндірістік-техникалық қамту және құрал-жабдықтармен комплектациялау басқармасы» (ӨТҚК және ҚЖБ).
- 45
«Ембімұнайгаз» АҚ балансында А+В+С1 санаттары бойынша (геол/ шығару) – 619 518/74 304 мың тоннаны құрайтын 45 кен орны есепте тұр. Кен орындарының қорларын шығарып алудың орташа мәні 70 % құрайды.
-
«Ембімұнайгаз» АҚ өзінің қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.