ЦИФРЛЫК
ЕМБІМҰНАЙГАЗ
Жылдық есеп 2018
Биылғы есеп тақырыбы ретінде біз «Цифрлық Ембімұнайгаз» деген атауды таңдадық. 2016 жылы Уаз кен орнында пилоттық режимде жүзеге асырылған «Интеллектуалды кен орны» жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. 2017 жылы жоба Прорва тобы кен орындарында, 2018 жылы – Жаңаталап және Шығыс Мақат кен орындарында тираждалды. Жалпы алғанда, 2024 жылға дейін Компания бойынша 10 кен орны цифрланады. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның осы жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.