ДАМУ
СТРАТЕГИЯСЫ
-
БЕЙНЕМІЗ
«Ембімұнайгаз» АҚ – қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сәйкес, жоғары білікті қызметкерлері бар және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін тиімді ресурстық базаға ие мемлекеттің мажоритарлы қатысуы бар аса тиімді мұнай-газ компаниясы.
-
БІЗДІҢ МИССИЯ
Біз мұнай мен газды әлеуметтік және бизнес-мүдделерді теңестіру жолымен қызметкерлер үшін тұрақтылық пен акционерлер үшін тиімділікті қамтамасыз ету үшін өндіреміз.
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Адам өмірі – біздің шартсыз құндылығымыз. Өзіміз және әріптестеріміз үшін қауіпсіздік мәдениетін енгізу арқылы қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету. Жұмысқа келген қызметкерлер үйіне аман-есен оралуы тиіс.
Істі аяғына дейін жеткіземіз. Компания көзделген нәтижелер мен алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылуда. Біз нәтижеге жетуге ынталы қызметкерлерді бағалай білеміз.
Туған жер мен Компанияға ұқыпты қарау. Компания қоршаған орта мен Компания мүлігіне ұқыпты қарайтын қызметкерлерді бағалай біледі.
Кәсіпқойлық. Компания қызметкерлерінің кәсіпқой деңгейін арттыруүшін жағдайлар жасайды. Біз жаңа білім алуға ұмтылатын қызметкерлерді бағалай білеміз және мансаптық жетілудің тең жағдайларынжасаймыз.
Этика және жеке тұлғаны құрметтеу. Компания өзара құрмет пенсенімге негізделген қатынастар мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМ МАҚСАТТАР
Компанияның шешімдер қабылдау барысындағы негізгістратегиялық басым мақсаттары болып келесілертабылады:
-
Кірістілік.
Компания болмысының ажырамас бөлігі ретіндегі кірістілік.
-
Әлеуметтік тұрақтылық.
Персоналды ағымды және жаңажобаларға тиімді бөлу арқылы Компанияқызметкерлерінің жұмыс бастылығынқамтамасыз ету.
-
Экология.
Жер қойнауын тиімді пайдалану жәнеқоршаған ортаға кері әсерді азайту.Өндірістің өсуі жағдайында Компанияэкологияға кері әсерді азайтатын жаңатехнологияларды енгізеді.
-
Энерготиімділік.
Ағымды және жаңа жобалар бойыншатехнологияларды таңдау барысындаКомпания басымдылықты энерготиімдітехнологияларды пайдалануға береді.
-
Өндірісті автоматтандыру.
Еңбек өнімділігін және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру
ҚЫЗМЕТТІҢ СТАРТЕГИЯЛЫҚ
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Компания қызметінің стартегиялық басым бағыты болып төменде көрсетілген жолмен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын және акционерлік құнды құруды қамтамасыз ету үшін «Ембімұнайгаз» АҚ тұрақты және ұзақ мерзімді (25 жылдан астам кезеңге) дамуын қолдайтын бәсекеге қабілетті ресурстық базаны қалыптастыру табылады:
-
• әрекет етуші және жаңа шарттар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын орындау,
-
• қолданыстағы кен орындарында қосымша барлауды жүзеге асыру жаңа активтерді иелену.
«Ембімұнайгаз» АҚ даму концепциясын жүзеге асыру Компанияға өңірдің экономикалық дамуына және мыңдаған адамнан (5 000 астам қызметкерден) тұратын ұжымның болашағына деген сеніміне елеулі үлес қосу мүмкіндігін береді.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНДИКАТОРЛАР
ПӘК | Ед. | 2017 (ФАКТ) |
2018 (ЖОСПАР) |
2018 (ФАКТ) |
2022 (ЖОСПАР) |
2027 (ЖОСПАР) |
2032 (ЖОСПАР) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Қорлар | млн тонна | 70,4 | 75,49 | 74,30 | 202,64 | 184,68 | 146,24 |
Өндіру көлемі | млн тонна | 2,8 | 2,9 | 2,9 | 3,99 | 3,15 | 11,3 |
Лифтинг шығындардың өзіндік құныт | млн долл. | 186,96 | 210,35 | 200,25 | 405,18 | 483,26 | 1 749,05 |
Персонал саны | адам | 5 275 | 5 439 | 4 942 | 5 341 | 5 341 | 5 341 |
ROACE | % | 17,92% | 13,60% | 26,71% | >WACC | >WACC | >WACC |
EBITDA | млн долл. | 283,8 | 259,6 | 337,7 | 384,1 | 248,3 | 1 840,7 |
EVA | млн долл. | 62,9 | 22,3 | 139,21 | >0 | >0 | >0 |
НЕГІЗГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
Компания даму концепциясын жүзеге асырудың келесі тәуекелдерін және оларды барынша азайту шараларын анықтады:
№ | Факторлар | Ықтималды әсері | Барынша азайту шаралары |
---|---|---|---|
1 | Өндірудің жоғары өзіндік құнынабайланысты өндірудің соңғы кезеңіндегікен орындарында өндіру көлемдерініңтөмендеуі | Өндіру көлемдерінің төмендеуі | Геологиялық барлау және M&A мәмілелері есебінен қорларды арттыру |
2 | П-1 жобасы бойынша қабаттардыңорналасу тереңдігіне байланыстыгеологиялық тәуекелдердің жоғарыдәрежесі | Компания құнының төмендеуі | Стратегиялық әріптесті тарту |
3 | Дивиденттердің елеулі көлемінакционердің шығарып алуынабайланысты, жобаларды қаржыландыруүшін инвестициялық әлеуеттің төмендеуі | Қорлар мен өндірудің өсімінің болмауы | Акционердің Концепцияны (соныңішінде инвестициялық және дивидендтіксаясаттарды), инвестициялықжобалардың бизнес-жоспарларын бекітуі. |
4 | Мұнай құнының төмендеуі (базалықсценарийден төмен) | Компания түсімінің төмендеуі | Өзіндік құнды төмендету бойынша бизнесбастамаларды іздестіру |