ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ
КЕН ОРНЫ
«Интеллектуалды кен орны» жобасы мұнай-газ саласы үшін негізгілердің бірі болып табылады және «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасының тізіміне енгізілген.
«Интеллектуалды кен орны» – шашыраңқы жүйелерді бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру есебінен оның барынша тиімділігіне қол жеткізу мүмкіндігін беретін мұнай-газ өндірісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ СТАНЦИЯСЫ

Орнатылған VLT SALT Danfoss интеллектуалды басқару станциясы ұңғыманы басқару және келесі сигналдарды қашықтан алу мүмкіндігін береді:
-
Әткеншек станокты бірсарынды қосу
-
Электр қозғалтқышты автоматты режимде қосу және өшіру
-
Жиілікті бірқалыпты және сатысыз басқару
-
Параметрлерді (тоқты, кернеуді, жиілікті, электр энергияны тұтынуды) өлшеу
-
Парафинденуді/ құм түзілісін анықтау
-
Қозғалтқыш мезетін графикалық көрсету көмегімен әткеншек станоктың теңгерімін бақылау
-
Сорғының толу коэффициенті бойынша теңселу жиілігін баптаудың интеллектуалды функциясы
-
Ұңғыманы режимге автоматты түрде шығару функциясы
ҰҢҒЫМА ДЕБИТІН МОНИТОРИНГТЕУ

«Интеллектуалды кен орын» жүйесінде өндірудімониторингтеу бойынша жүзеге асырылғанмодуль мамандарға ағымды уақыт режиміндеөндірістік процестерді мониторингтеуге жәнетөмендегі көрсетілген параметрлер бойыншаақпарат алуға мүмкіндік береді:
-
Олардың орнатылған технологиялық режимінен ұңғыма сұйықтығының өлшемді өндірісінің ауытқуы
-
Мұнайды дайындаудың технологиялық процесі
-
Ұңғымалардың тоқтауы және тұрып қалуға байланысты шығындар
-
Ағымды өндіру өзгерісінің динамикасына қарай тәулік соңында сұйықтықты/мұнайды өндіруді болжамдау
-
Сұйықтықтың/мұнайдың өлшемді және парктік өндірілуінің теңгерімі
ҰЖЖ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН МОНИТОРИНГТЕУ

«Интеллектуалды кен орын» жүйесінде ҰЖЖмониторингтеу бойынша жүзеге асырылғанмодуль мамандарға ағымды уақыт режиміндебригадалармен орындалатын жөндеужұмыстарының барысын қадағалауға мүмкіндік береді:
-
ҰЖЖ бригадаларының жұмыстарын жылдам бақылау есебінен тұрып қалу уақытын қысқарту
-
ҰЖЖ бригадаларының жұмыстарының тиімділігін мониторингтеу
-
ҰЖЖ жүзеге асырудың жалпы уақытын қысқарту
-
Түсіру-көтеру операцияларын тұрақтыбақылау есебінен өндірістік қауіпсіздіктіқамтамасыз ету
МҰНАЙДЫ ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕСІН МОНИТОРИНГТЕУ

«Интеллектуалды кен орын» жүйесіндемұнайды жинау мен дайындаудымониторингтеу бойынша жүзегеасырылған блок мамандарға ағымдыуақыт режимінде өндірістік нысандардымониторингтеуге және төмендегікөрсетілген нысандар бойынша ақпараталуға мүмкіндік береді:
-
ТБР мұнай деңгейі
-
Мұнай-газ айырғышы
-
Тұндырғыштар
-
КБР фазаларды – мұнай мен суды бөле отырып сұйықтық деңгейі, сұйықтық температурасы
-
Жылыту пештері
МҰНАЙДЫ АЙДАУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ

«Интеллектуалды кен орын» жүйесінде ұңғыма өнімін айдауды мониторингтеу бойынша жүзеге асырылған блок мамандарға ағымды уақыт режимінде есептеу тораптарынан шикі мұнайды өткізу бойынша ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
ТАСЫМАЛДАУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ

Wialon жерсеріктік мониторингтеудің жүзеге асырылған жүйесі мамандарға ағымды уақыт режимінде кешенді талдаманы және соңғы пайдаланушыларға арналған есептілікті қоса алғанда, көлікті мониторингтеуге мүмкіндік береді:
-
Белгілі бір геоаймақтар шекарасынан шығу
-
Жүру бойынша есеп беру
-
Шапшаң режимді мониторингтеу
-
ЖЖМ шығыны
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

Корпоративті Геоақпараттық Жүйе (КГАЖ) барлық нысандар бойынша деректерді сақтауға мүмкіндік береді, яғни, тұрақты негізде жолдарды, тау-кен, жер телімдерін және т.б. қоса алғанда, барлық өндірістік нысандар, ғимараттар және құрылыстар бойынша ақпаратты көкейкесті ету жүзеге асырылады.
НЫСАНДАРДЫ БАҚЫЛАУ

Бейнебақылау жүйесі өндірістік нысандардың периметрін бақылау үшін қолданылады, сондай-ақ, нысанға кірген автокөлікті тіркейді (таниды).