НЕГІЗГІ
ОҚИҒАЛАР

Ключевые события

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ембімұнайгаз» АҚ-на келіп кетті. Сапары барысында Президент өндірістік процестерді визуализациялау орталығының жұмысымен танысып, онда оған өндірістік нысандардан келетін ақпараттың үлкен көлемдерін ағымды уақыт режимінде көрнекі түрде өңдеп, жылдам жауап қайтару мен кен орындарындағы өндіріс процестерін жетілдіру мақсатымен оларды бірден талдап отыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін интеллектуалды кен орны жүйесі таныстырылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесімен Компанияның 2027 ж. дейін даму Концепциясы әзірленген. Концепция аясында Компаниядағы бизнесті дамыту, бағдарламалық құжаттарды, болжамдық қаржылық-экономикалық модельдерді (бизнесжоспарларды), тәуекелдерді басқару жүйесін, Компанияның жыл сайынғы бюджетін, инвестициялық жобаларды және т.б. әзірлеу барысында басшылыққа алынатын ережелер мен ұстанымдар кешені анықталды.

Ключевые события

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас офисінде мұнай-газ саласына цифрлық технологияларды енгізудің көкейкесті мәселелеріне арналған халықаралық Форум өткізілді. Шара «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бастамасымен ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Форумға 200-ден астам делегат – профильді министрліктердің өкілдері, ірі мұнайгаз компанияларының жетекшілері және қызметкерлері, халықаралық сарапшылар және IT саласында қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері қатысты.

  • событие

    «Ембімұнайгаз» АҚ-нда интерактивті мұрағатты пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Компанияның бас офисінде Атырау қаласы мектептерінің оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін интерактивті мұрағатқа экскурсиялар басталды.

  • событие

    Компанияда «Мұнайшы қыз» әйелдер клубы ашылды. Әйелдер клубын ашудың және конференция өткізудің негізгі мақсаты – Компания әйелдерінің араласуы мен өз болмысын таныту үшін бірыңғай алаң құру болып табылады.

  • событие

    «Ембімұнайгаз» АҚ Global Oil&Gas Atyrau-2018 және Atyrau Build-2018 17 Халықаралық Солтүстік Каспий мұнай-газ және құрылыс көрмелеріне қатысты. Компания көрмесінің Алтын әріптесі ретінде әрекет етті.

  • событие

    «Ембімұнайгаз» АҚ Астана қаласында өткізілген «Kazakhstan Geology Forum: Oil&Gas 2018» II Халықаралық геологиялық барлау Форумының демеушілерінің бірі болды.

  • событие

    «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай кен орнында Қазақстан Республикасы Мұнай-газ саласының қызметкерлері күніне орай пайдалануға берілген 100 адамдық жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

  • событие

    «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұжымы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына қайырымдылық қолдау көрсетті. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков үлкен ұжым атынан үйлерін су басып, қалпына келтіруге жарамаған Малеевск, Зубовск кенттерінің және Зыряновск қала шетінің жеті отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады.

  • событие

    Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Ембімұнайгаз» АҚ-на келіп кетті. Сапары барысында Бақытжан Сағынтаев өндірістік процестерді визуализациялау орталығының жұмысымен және «Цифрлық кен орны» жобасы бойынша жоспарлармен танысты.

  • событие

    ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша өңірлерге жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас офисіне Парламент Мәжілісінің депутаттары Мамраев Б.Б. және Пшембаев М.К келіп кетті. Іссапарының барысында мәжілісмендер «Ембімұнайгаз» АҚның интерактивті мұражайымен танысып, өндірістік процестерді визуализациялау орталығына барып қайтты.

  • событие

    «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Қисымбай кен орнында Қазақстан Республикасы Мұнай-газ саласының қызметкерлері күніне және кен орнының 25-жылдығына орай, 50 адамдық асхананың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

  • событие

    ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша өңірлерге жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас офисіне ҚР Премьерминистрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев келді. Сапары барысында вице-премьердің жанында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов және өзге ресми тұлғалар болды. Өндірістік процестерді визуализациялау орталығына келу барысында вице-премьерді Компанияның «Интеллектуалды кен орны» концепциясымен таныстырып, оны Уаз кен орнына енгізудің нәтижелі тәжірибесі жөнінде және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өзге кен орындарына тираждау бойынша ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде баяндалды.

  • событие

    Еңбек күні құрметіне орай, Астанада «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары анықталған «Жаппай еңбек қоғамына» республикалық форумы өткізілді. «Ең жас өндіріс қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз болып «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның мұнай өндіру жөніндегі операторы Айбек Турсынбек танылды.

  • событие

    Ембіліктер С. Балғымбаев атындағы кен орнының 50 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Бірқатар мерекелік шара барысында «Жайықмұнайгаз» МГӨБның қайта қалпына келтірілген әкімшілік ғимараты салтанатты түрде пайдалануға беріліп, 150 орындық асхананың ашылу рәсімі өткізілді. Исатай ауданының «Жалын» мәдениет үйінде Компания республикалық және облыстық деңгейдегі танымал суырып салма ақындардың қатысуымен айтыс ұйымдастырды. Кешке Аққыстау ауылының Орталық стадионында аудан тұрғындары мен меймандары үшін Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония шығармашылық ұжымының және Қазақстандық эстраданың дарынды әрі танымал жұптарының бірі Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның қатысуымен галаконцерт өткізілді.

  • событие

    «Ембімұнайгаз» АҚ семинарлар бөлмесінің құрылысын қаржыландырып, соның аясында 26–28 қыркүйек аралығындағы үш күн бойы ең ірі мұнай-газ және сервистік компаниялардың 12 тақырыптан тұратын семинары өткізілген KIOGE 2018 көрмесінің Күміс демеушісі болды.

PDF форматындағы бөлімнің толық нұсқасы

КөрінісЖүктеу